Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының  «Қарлығаш соматикалық шипажайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы Абая көшесі, 3А, почталық индексі 200000, телефон 8(7112)410718, е-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. мекенжайында орналасқан.

Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының  «Қарлығаш соматикалық шипажайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

кәсіпорыны директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары: «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша сертификаттау курсынан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік немесе «денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) «бизнес, басқару және құқық» немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру «денсаулық сақтау» және (немесе) «бизнес және құқық» немесе executive немесе full time МВА дәрежесі, Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты, Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл.

Білуге тиіс: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 2014 жылғы 5 шiлдедегi «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заны, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; қазiргi басқарушылық қызметтiң стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері: Денсаулық сақтау Ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметiнiң негiздерi; ұйымның қызметін басқарудың экономикалық әдiстерi мен талдауы; медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы; денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздiк тәжiрибелер; статистика, өлшемдер және халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын керсеткіштер; отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері: денсаулық сақтауды басқарудағы үздiк халықаралық тәжiрибе; еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау, өндiрiстiк санитария және өртке қарсы қауiпсiздiк жөнiндегi ережелер мен нормалар; Төтенше жағдайлар кезiндегi қызметті ұйымдастыру.

Лауазымдық мiндеттерi: Денсаулық сақтау ұйымының өндiрiстiк, қаржы-шаруашылық  қызметiне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешiмдерге, ұйым мүлкiнiң сақталуы мен тиiмдi пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерiне жауапты болады. Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмiн анықтайды. Көрсетiлетiн диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиiмдiлiгi мен сапасын одан әрi арттыруға, керсетілетін қызметтердiң сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдiстерiн енгiзудi және қолданыстағыларын жетiлдiрудi  қамтамасыз етедi. Ұйымның құрылымдық бөлiмшелерiнiң тиiмдi өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi, олардың iс-қимылдарын көрсетiлетiн медициналық қызметтердi дамытуға және жетiлдiруге бағыттайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн болдырмау жөнiнде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады. Ұйымды бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби бiлiмi мен тәжiрибесiн ұтымды пайдалану, өмiр мен денсаулық үшін қауiпсiз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнiнде шаралар қабылдайды. Ұйымның қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негiзiнде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту үшiн қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтiк әрiптестiк қағидаттары негiзiнде ұжымды; шартты әзiрлеудi, жасасуды және орындауды, еңбек тәртiбiн сақтауды қамтамасыз етедi, қызметкерлердiң еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсендiлiгiн дамытуға ықпал етедi. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды зерде- леу және бағалау жөнiндегi жұмысты үйлестiредi, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторла- рын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрмендi шаралар қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы iс- шаралардың жүргiзiлуiне, санитарлық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуына жедел және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады. Медициналық эти-ка талаптарының, ұйым қызметiндегi, оның ішінде  қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртiптi нығайту, әлеуметтiк-еңбек  қатынастарын реттеу мәселелерiндегi заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етедi. Қызметкерлердi қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Шарттар жа- сасады, жеке және заңды тұлғалармен мәмiлелер жа-сайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi өкiмдер мен бұйрықтар шығарады. Мемлекеттiк органдарда, ұйымдарда, сотта және т. б. ұйымды бiлдiредi.

Конкурс «Денсаулық сақтау саласындағы қадағалау кеңесімен шаруашылық жүргiзу құқығындағы мем- лекеттік кәсiпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органының басшысының функцияларын жеке жүзеге асыратын басшысының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2020 жылғы 27 мамырдағы №ҚРДСМ-58/2020 бұйрығына сәйкес, сондай-ақ «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлерi лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекiту туралы» Қазақстан Ре-спубликасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетiлген мерзiм- дерде мынадай құжаттарды ұсынады: 1. Конкурсқа қатысу туралы өтiнiш. 2. Еркін түрде жазылған өмiрбаян. 3. Білім туралы құжаттардың көшiрмелерi. 4. Еңбек кітапшасының, (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшiрмесi, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзiндi көшiрме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат. 5. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекiтiлген «Медициналық анықтама (дәрiгерлiк кәсiптiк-консультациялык қорытынды)» № 075/у нысаны 6. ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетiнiң соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген тұлғалар конкурс жариялаған кәсiпорынға құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейiн хабар-ландыруда көрсетiлген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде құжаттарды ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейiн бiр сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда адам әңгімелесуден өтуге жiберiлмейдi. Конкурсқа қатысушы оның бiлiмiне, жұмыс өтiлiне, кәсіптік даярлық деңгейiне қатысты қосымша ақпаратты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың көшiрмелерi, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады. Конкурсқа: 1) 18 жасқа толмаған; 2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар болғанда қатыса алмайды.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы Абая көшесі, 3А, почталық индексі 200000, телефон 8(7112)410718, е-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. мекенжайында орналасқан бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн iшiнде ұсынылуы тиіс.

gossim kk

100 step kk

kz2050 kk